Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Пәк қыздар тізімі»: Түймебаев жауап беруі керек — депутат

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында “КазГУ тізіміне” қатысты өз ойын айтты.

«Пәк қыздар тізімі»: Түймебаев жауап беруі керек — депутат

«Жеке құпия мәлеметтердің жарияланып кетуіне жол берілді. Жалпы, ешкім, ректор болсын, әкім болсын, министр болсын, сен заң шеңберінде жұмыс жасауың керек. Заңды бұзсаң, жауапқа тартыласың. Біз жауапқа тартылған ректорларды байқамаймыз, сөздің шындығы бар, университеттерде қаншама былықтар орын алып жатыр. Ешкім жауапқа тартылып жатқан жоқ. Бір ЖенПИ-дің ректоры соттың үкімі бойынша, жерге байланысты сотталды. Басқа ректорлар туралы естімедім.
Соңғы жағдай, қыздардың пәктігіне байланысты жеке ақпараттардың кетіп қалғаны туралы ақпаратты құқық қорғау органдары тексеру керек», — деді депутат. 

Бақытжан Базарбек осы істі назарда ұстап отырғанын жеткізді. 

«Мен білетін ақпарат бойынша, осы тізімге клиниканың да қатысы бар. Жеке клиника. Құқық қорғау органдары жеке клиника мен осыған кінәлі университеттің лауазымды тұлғаларына толығымен құқықтық баға беріп, тергеу амалдарын жасап, анау кінәлі субьектілерді қашып кетпес үшін, жауапқа тарту керек. Нақты бұл жерде Жансейіт Түймебаевтың қатысын айта алмаймын. Себебі, тергеу материалдарымен танысқан жоқпын. Біріншіден, танысқанның өзінде бұқаралық ақпарат құралдарына жария ете алмаймын. Заң бойынша. Бірақ та, бұндай іс әрекеттерде бірінші басшы жауап беру керек», - деді Мәжіліс депутаты.