Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елорда әуежайында мас әйел айғай-шу шығарды (ВИДЕО)

Көлік полициясы қызметкерлері тексеру барысында әйелдің жеке басын анықтаған. Ол Атырау қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.

Елорда әуежайында мас әйел айғай-шу шығарды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Елорда әуежайындағы тіркеу үстелінің жанында мас әйел айғай-шу шығарды, деп хабарлады paryz.kz.

Оқиға туралы видео Instagram парақшасында жарияланған. Әуекомпания қызметкерлері мас әйелдің өзін агрессивті ұстап, ұятсыз сөздер жаудырып, тіркеу орнында тақтайшаларды сындырып, қоғамдық тәртіпті бұзғанын айтады.

"Әйелді Нұр-Сұлтан-Атырау рейсіне өткізбеген. Ол мас болған. Әуежайда шу көтерген. Соңында полицейлер араласты", - делінген жазбада.

Көлік полициясы қызметкерлері тексеру барысында әйелдің жеке басын анықтаған. Ол Атырау қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.