Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қостанай облысында 205 мың еуро ұрлаған экс-банкир кінәсін мойындады

Банктің қауіпсіздік қызметі мен полицияның жедел іс-қимылы нәтижесінде күдікті екі күн өткен соң Ресейде ұсталып, кейін Қостанай қаласына экстрадицияланды.

Қостанай облысында 205 мың еуро ұрлаған экс-банкир кінәсін мойындады
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысының Жітіқара аудандық соты "Еуразиялық банк" филиалының бұрынғы басшысы Мырзабай Шалбаевтың 205 мың еуро сомасындағы ақша жымқырғаны туралы істі тыңдауды жалғастырды, деп хабарлады paryz.kz, банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Банк өкілі соттан Мырзабай Шалбаевқа қатысты жасаған қылмысына сай жаза қолдануды сұрады.

"Банк жасалған қылмысқа сәйкес жаза тағайындауды және банктің пайдасына 68,5 мың еуро мен 6 698 313 теңге көлемінде мүліктік зиянды өндіруді қажет деп санайды", - деді "Еуразиялық банк" өкілі Қайрат Салқымбаев.

Полиция қаражаттың қалған бөлігін банкке ұрыларды ұстаған кезде қайтарған.

"Кінәмді толық мойындаймын. Мен әлі күнге дейін туыстарымның, ата-анамның және бұрынғы әріптестерімнің алдында ұяламын, олардан кешірім сұраймын", - деді Шалбаев сот отырысында.

Еске сала кетсек, құмар ойынға тәуелді болған бұрынғы банк филиалының басшысы қарызын қайтару үшін кассадан 205 мың еуро көлемінде қаражат жымқырған. Банктің қауіпсіздік қызметі мен полицияның жедел іс-қимылы нәтижесінде, күдікті екі күн өткен соң Ресейде ұсталып, кейін Қостанай қаласына экстрадицияланды.

Банк тарапы бұл жағдайға қатысты сотқа 2021 жылдың 25 қаңтарында жүгінген. Қомақты қаражат ұрлаған айыпталушыға қатысты сот үкімі 2021 жылдың 9 ақпанында шығады деп жоспарланып отыр.