Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Депутат кәсіпкерлерді қинамай, салықты 3%-дан 2%-ға азайтуды ұсынды

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Н. Әуесбаев жеке кәсіпкерлердің салық пен банктік комиссияларды азайтуды сұраған өтініштерін көтерді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Депутат кәсіпкерлерді қинамай, салықты 3%-дан 2%-ға азайтуды ұсынды
Фото: ult.kz

Нарықтағы қазіргі экономикалық жағдай жеке кәсіпкерлерге қиындық туғызып отыр. 

Олардың айтуынша, кәсіпкерлердің басым бөлігі салық төлеудің оңайлатылған режимімен жұмыс істейді. Бұл режим бойынша айналымнан 3% (пайыз) салық төлейді. Бұл кезекте бухгалтерлік есеп жүргізбегенімен, кеңсені жалдау ақысы, коммуналдық қызмет, логистика, жұмысшыға төленетін еңбекақы, тағы да басқа қызметтерге қалтасынан кететін шығын шаш етектен болып отыр.

Одан қалды, әкімдік азық-түлік бағасына мемлекеттік мониторинг жүргізетіндіктен, маржиналдылықты өз қалауымен арттыра алмайды.

Көпшілігі несие-қарызға белшесінен батып отыр, біразы бизнесін өлтірмеу амалымен микроқаржылық ұйымдардан несие алған (төлем күн сайын төленеді), сонымен қатар, айдан айға өздерінің құнды заттарын ломбардқа тапсыруға мәжбүр болып жүр.

Cондықтан азаматтардың кірісіне салынатын 3 пайыздық салықты таза пайданың пайызына негізделген неғұрлым әділ механизмге ауыстыруды сұрайды. Бұл тәсіл салық ауыртпалығын әділ реттеуге көмектесіп, экономикалық белсенділікті ынталандыруы мүмкін дейді.

Шағын және орта бизнес өкілдері мемлекеттік бюджетке жалпы айналымынан төлеп жатқан 3 пайыз салық оларға айтарлықтай ауыртпалық салып тұр. Ендеше кәсіпкерлерді қинамай, салықты 3 пайыздан 2 пайызға азайту мәселесін қарастыру қажет екендігін айтып депутат Н. Әуесбаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрі М.Т.Такиевке депутаттық сауал жолдады.