Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

ҚТЖ қызметкерлері кәсіпкерлерді бопсалап келген

Мұндай дерек Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Шымкентте тіркелген.

ҚТЖ қызметкерлері кәсіпкерлерді бопсалап келген
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан темір жолы (ҚТЖ) қызметкерлерінің кәсіпкерлерден ірі көлемде пара талап етумен айналысқанын айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметінде де сыбайлас жемқорлық байқалады. Онда басшылар қажетті пойыз вагоны тексеруден кедергісіз өтуі үшін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара талап етумен айналысады", - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, мұндай дерек Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Шымкентте тіркелген.

"Олар тез әрі қомақты ақша табу жолында заңсыз қылмыстық схема ұйымдастырған. Пара сомасы 100 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін. Жалпы сома ондаған миллионға жетті", - деді ол.