Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақстан мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға рұқсат берілді

Ауылдық жерлердегі мешіттерде сыйымдылығы 150 адамға дейін, отыруының 25 пайызынан аспауына рұқсат етілген.

Қазақстан мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға рұқсат берілді
Фото: көрнекі сурет

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері карантинді жеңілдету туралы қаулыға толықтырулар енгізді, деп хабарлады paryz.kz.

Осылайша, құжатқа сәйкес "қызыл немесе сары аймақта"  орналасқан діни нысандардың аумағында ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Ал  "жасыл аймақтағы"  мешіттерде намаз оқуға (бес уақыт), ұжымдық сыйынуға рұқсат етіледі.  Бірақ сыйымдылығы 100 адамнан аспайтын, 30 пайыздық толымдықпен.

Ауылдық жерлердегі мешіттерде сыйымдылығы 150 адамға дейін, отыруының 25 пайызынан аспауына рұқсат етілген.

Елдегі эпидемиялық жағдайға байлынысты "жасыл аймақтарда" орналасқан мешіттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұма намазын өткізуге рұқсат етілді.