Әлеуметтік желіде бастауыш сынып оқушысының анасына қазақ тілінен сабақ беріп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Paryz.kz sn.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқушы қыздың видеосы Tiktok желісінде жарияланған.
Сәлем, Қазақ елі. Бірінші сыныпта демалыс басталды, бірақ мен жай отырмаймын. Мен анашыма ана тілінен сабақ беремін, – дейді қыз.
Видеода оқушы қыз анасына өзін қазақша таныстыруды үйретеді. Сосын сөзді дұрыс айтқан анасының ынтасын бағалап 5 деген баға береді.
Кім жақсы оқыса соған бес, ал кім жаман оқыса соған екі. Аман болайық, Қазақ елі, – деді оқушы қыз.
Видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары қыздың қазақша таза сөйлегеніне таңқалып, ізгі тілектерін жаудырды.