Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қазақ жігіттерінің сырға тағып, боянуы қалыпты ма?

Продюсер Ерболат Беделхан Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында q-pop жанкүйерлері туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақ жігіттерінің сырға тағып, боянуы қалыпты ма?
Фото; BBC.COM

Оған журналист “K-pop субмәдениеті маған бір дін сияқты әсер қалдырады. Себебі, ол жастардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына, киіміне әсер етеді. Сізді бұл нәрсе ойландырмайды ма?», - деген сұрақ қойды.  
Ал Ерболат Беделхан бұл мәселе алаңдатпайтынын және баланы еркіндікте тәрбиелеп, өсіру керек екенін жеткізді.

«Жоқ, ойландырмайды. Менің төрт балам бар. Оларды еркін өсіргім келеді. Мүшел жастан асқан кезде адамның бойы өзгереді, мінез-құлқы өзгереді. Оның өз таңдауы болады. Оның таңдауын әке-шешесі қойып бермеу керек, өзі таңдау керек. Бұл - терең дүние. Ертең сен өз-өзіңе жауап беру үшін, өз наныңды өзің тауып жеу үшін өз жолыңды өзің таңдауың керек. Өз қателігіңді өз мойныңнан өткізуің керек. Мен артыңнан шаңдарыңды қағып жүрмеймін. Мен денсаулығыңды жақсартуға, білім алуыңа көмектесем, ары қарай он сегізге толғаннан кейін өз күніңді өзің көресің. Бұл – жауапкершілікті балаларға, жастарға беру керек», - деді Ерболат Беделхан.

Продюсердің пікірінше, ол басқа адамдардың пікірінен тәуелсіз.
«Маған қаншама адам жаман сөз айтты. Егер сен өз ісіңнің маманы болмасаң, істемей-ақ қой. Мен музыка саласында маманмын, ішкі құндылықтарды бәрін түсіндіріп бере аламын», - деді ол.

Журналистің “Жігіттердің қыз сияқты нәзік болуын, сырға тағуын қалыпты нәрсе деп қарау керек пе?", — сауалына қатысты да Ерблоат Беделхан өз ойын бөлісті.

«Ешқандай да нәзік емес. Олар мықты жігіттер, спортпен айналысады. Мен де ұл-ұл, қыз-қыз болғанын қалаймын», - деп жауап берді продюсер.