Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ерболат Беделхан K-pop индустриясында қомақты ақша жатқанын айтты

Продюсер Ерболат Беделхан Adal Adam YouTube арнасында Оңтүстік Корея мәдениетінің Қазақстанға,  Q-pop индустриясының бизнеске ықпалы және өзінің жеке мақсаттары туралы ой қозғады.

Ерболат Беделхан K-pop индустриясында қомақты ақша жатқанын айтты
Видео: Screenshot

«Сіз Кореяның k-pop жанрын q-pop деген атаумен Қазақстанға алып келдіңіз. Яғни, елімізде осы жанрдың негізін қаладыңыз деп айтуға бола ма?», - деген жүргізушінің сұрағына, продюссер былай деп жауап берді:

«Болатын шығар, бірақ ондай бағаны өз-өзіме бермеймін ғой. Бұл бағытты таңдаған себебім, біздің болмысымыз азиялыққа жақынырақ. Кореяның контенттері, сериал, музыка болсын бізге жақсы өтеді. Негізінде, субмәдениет деген кезде, толыққанды k-pop-ты субмәдениет ретінде мен алып келген жоқпын. Үлкен адаптация жүрді. Біз мінез құлқымызға сай өнерді басқаша қабылдайтындығымыздан, біраз адаптация жүргіздім. Жалпы, Оңтүстік Коряның салт-дәстүрі – үлкенді сыйлау, қарапайымдылық, менталды тұрғыдан бізге жақын. Маған бұл нәрселер шешім қабылдауда жақсы күш-қуат берді», - деді Ерболат Беделхан.

Продюсердің айтуынша, музыка – оның тек табыс көзі әрі бизнесі.

«Кореяның k-pop индустриясы, индустрия сөзінің өзінде мағынасы жатыр, бұл тұтас мемлекет қолдаған бағдарлама. Елдің, халықтың қолдаған бағдарламасы. Бізді салыстырудың қажеті жоқ. Олар бүкіл әлем бойынша креативті индустрия бағытында 3, 4-ші орынға өтті, қазір екінші орынға өтіп кетпесе. Бұл үлкен ақша», - деді Ninety One тобының экс-продюсері Ерболат Беделхан.