Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Экзорцист: Мысықша мияулаған қыздан жындар 40 күн бойы шыққан жоқ

Павлодардағы «Бижан» мешітінің бас имамы, облысқа экзорцист ретінде танылған Абдусамат Айтқазыұлы мысықша мияулаған қыздан жындарды қалай шығарғанын айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Экзорцист: Мысықша мияулаған қыздан жындар 40 күн бойы шыққан жоқ
Фото: pixabay.com

Имам Пәкістан елінде білім алған. 2010 жылдан бері экзорцизммен айналысып келеді.

Бұған дейін тек отбасыма ғана жасырын дем салып, оқып жүретінмін. Жүре келе сұраныс көбейіп, көмек сұрап келетіндер саны арта түсті. Көбінесе жындар лас жерде жүргендерге, қатты күліп немесе шошып кеткенде кіріп кетеді. Одан сақтанудың жолы – тазалық, дәлірек айтқанда, қарапайым ішкен, жеген жерлеріңізді таза ұстау қажет, – дейді Абдусамат Айтқазыұлы.

Имамның айтуынша, бүгінгі таңда аталмыш ауруға шалдыққандардың көбі – әйелдер. Себебі, әйелдер қауымының нәпсісі әлсіз болып келеді. Мұндай жағдайға тап болғандардың бірі – 19 жастағы бойжеткен. Ішіне жын кіріп кеткен қыз христиан дінін ұстанса да қасиетті Құранның көмегіне жүгінген.

Ол мысықша мияулап, біртүрлі әрекеттер жасаған. Алдымен шіркеу мамандарына жүгінген. Алайда олар ішіндегі жынның күшті екенін көріп, маған жіберді. Бойжеткен жанындағы құрбысымен келген болатын. Ішіндегі жынның күшті болғаны соншалықты, тек бір-екі күннен кейін ғана ішіндегі жын сөйлей бастады. Қыздың емі 40 күнге созылды. Соңында Алланың қалауымен жындар қыздың бойынан шықты, – дейді имам.

Имамның айтуынша, қыздың ішіне 7 жын бірден кіріп кеткен. Оқиға қыздың ашық жерде дәрет сындыруынан басталған. Қыз жер үйде тұрғандықтан, кешқұрым дәретханаға баруға қорыққан соң үйдің іргесіне дәрет сындыруды жалғастыра берген. Бір күні қыздың бойына жын отбасымен кіріп кеткен.

Бүгінгі таңда облыста экзорцизм саласымен айналысатын үш-төрт адам бар. Сондықтан алаяқ балгер-тәуіптерге сенбеуге, арнайы мамандарға жүгінуге шақырады.

Олар да сіздер жайлы шындықты айтуы мүмкін, себебі  жындармен жұмыс істейді. Яғни, оның жыны сіздің келе жатқаныңызды, сіз жайлы бар ақпаратты айтып, алдайтыны мәлім. Сондықтан ондай тәуіп, бақсыларға сенбеңіздер, – дейді имам.