Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Киік мүйізін заңсыз сақтаған тұрғын тұтқындалды

Атыраулық полицейлер аудан тұрғынның үйінен заңсыз сақталған 106 дана киік мүйізін тәркіледі.

Киік мүйізін заңсыз сақтаған тұрғын тұтқындалды
фото: Polisia.kz.

Тексеру барысында полицейлер аталған азаматтың түнгі уақытта “Yaqi” мотокөлігімен заңсыз аңшылықпен айналысып жүргенін анықтады, деп хабарлайды paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атыраулық полицейлер аудан тұрғынның үйінен заңсыз сақталған 106 дана киік мүйізін тәркіледі.

Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылының 34 жастағы тұрғыны өз үйінде 106 киік мүйізі мен екі дана тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз сақтаған.

Сондай-ақ, Балқұдық ауылының маңынан мүйіздері кесілген төрт киіктің денесі табылды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 3-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.