Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

БҚО-да "Нұрлы жер"-ге бөлінген 540 миллион теңге қолды болған

Ведомствоның мәліметінше, бұл қаражат Оралдағы тұрғын үй аудандардың бірін электрмен жабдықтау мәселесін шешу үшін бөлінген.

БҚО-да "Нұрлы жер"-ге бөлінген 540 миллион теңге қолды болған
фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстанда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Оралдағы тұрғын үй ауданын электрмен жабдықтау үшін бөлінген жарты миллиардтан астам теңгенің жымқырылғаны белгілі болды, деп хабарлады paryz.kz, Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік қызметкерлері бюджеттен "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бөлінген 540 млн теңгеден астам қаражаттың қолды болғанын анықтаған. Ведомствоның мәліметінше, бұл қаражат Оралдағы тұрғын үй аудандарының бірін электрмен жабдықтау мәселесін шешу үшін бөлінген.

"Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді", - деді Қаржы мониторингі агенттігі.

Айта кетсек, 2020 жылы ведомство қызметкерлері бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша 309 қылмыстық іс қозғаған.