Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Ұят!": депутат қазақша қақпайтын ең жас министрді сынға алды

"Мен сізден ана тілінде қойылған сұрақтарға ана тілінде жауап беруіңізді сұраймын", - деді депутат Берік Дүйсембинов.

"Ұят!": депутат қазақша қақпайтын ең жас министрді сынға алды
фото: stan.kz

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов қазақша қақпайтын Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке ескерту жасады, деп хабарлады paryz.kz

Мәжіліс отырысында депутат министрдің қазақша қойылған сұрақтарға орыс тілінде жауап бергенін жаратпай қалды.

"Мәжіліске бірінші рет келгеніңізді ескеріп, сізге бір ауыз сөз айтуға рұқсат етіңіз. Сіз қазақ тілінде қойылған барлық сұрақтарға рұқсат сұрамай, орыс тілінде жауап бердіңіз. Жасыңызға қарамастан, сіз 18 миллион адамның ішінінен министр болуға лайық деп таңдалдыңыз. Сізді тәуелсіздіктің құрдасы деп атауға болады. Мен сіздің ана тілімізде жауап беруге дайын болмауыңызды ұят деп санаймын. Мен сізден ана тілінде қойылған сұрақтарға ана тілінде жауап беруіңізді сұраймын", - деді депутат Берік Дүйсембинов.

Еске сала кетсек, Әсет Ерғалиев - еліміздегі ең жас министр, 34 жаста. 2021 жылғы 18 қаңтарда Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын.