Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қазақстанда полицейлерді қызметке қабылдау тәртібі өзгереді

2021 жылдың қаңтар айынан бастап «Құқық қорғау органдары туралы» Заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады.

Қазақстанда полицейлерді қызметке қабылдау тәртібі өзгереді
Baq.kz

Бұл өзгерістер негізінен ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібіне қатысты. Жаңа тәртіп бойынша ІІО-ға қатардағы, кіші және орта басшылық құрам лауазымдарына бастапқы кәсіби даярлау арқылы іріктеу тәртібі оңайланып, конкурсты және сынақ мерзімін алып тастау жолымен қызметке қабылдау мерзімі қысқарады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ішкі істер органдарының басшыларына қойылатын талаптар да қатаңдатылды.

Қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі ІІМ Кадр саясаты департаменті ұйымдастырған арнайы семинар барсында түсінідірілді. ІІМ конкурстық негізде қызметке қабылданудың талаптарын атады: қызметке конкурстық негізде қабылдау орта және жоғары басшылық құрам лауазымдарына жүргізіледі; тағылымдама 1 айдан кем емес; тағылымдама аяқталған соң үміткер сынақ мерзімімен лауазымына тағайындалады (басшылық қызметке тағайындалатын адамдарға сынақ мерзімі белгіленбейді), - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл ретте, бастапқы кәсіби дайындық арқылы қызметке қабылдау қатардағы, кіші және орта басшылық құрам лауазымдарында жүзеге асырылады. Ал бастапқы кәсіби даярлық аяқталғаннан кейін бір ай көлемінде сынақ мерзімі белгіленбестен лауазымға тағайындалады.

Қазіргі уақытта полиция жұртшылықпен тығыз байланыс жасаудың жаңа форматына көшуі қажет. Жаңа форматта көрсетілген талаптар әрбір полиция қызметкеріне тұрғындармен ашық әңгіме жүргізуге үйренуі міндетті екенін білдіреді. Кадрларды даярлау және іріктеу жүйесіндегі осындай ұстанымдарға басымдық берілуі тиіс, - дейді ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков.