Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Ағаңды түрмеден босатып беремін": қызылордалық "ҰҚК қызметкері" ұсталды

Қызылорда қалалық полиция басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 1981 жылы туған облыс тұрғыны арыз берген. 

"Ағаңды түрмеден босатып беремін": қызылордалық "ҰҚК қызметкері" ұсталды
фото: ашық дереккөз

Қызылордада ер адам сотталушыны түрмеден мерзімінен бұрын босатуға уәде беріп, қала тұрғынының 1 500 000 теңгесін иемденіп алған, деп хабарлады paryz.kz, polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық полиция басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 1981 жылы туған облыс тұрғыны арыз берген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз ер адам өзін ҰҚК қызметкері деп таныстырып, түрмеде отырған ағасын мерзімінен бұрын босатуға уәде беріп, алаяқтық жолмен 1 500 000 теңгесін алып алған. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының және полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің нәтижесінде, күдікті ретінде қаланың 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.