Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Жемқорлықпен ұсталған бұрынғы генералдың жазасы жеңілдетілді

Көпбаев пенитенциарлық жүйенің орташа қауіпсіздігі мекемесінде 5 жыл отыруы керек болған...

Жемқорлықпен ұсталған бұрынғы генералдың жазасы жеңілдетілді
фото: ашық дереккөз

Пара алды деп айыпталған Қорғаныс министрлігі кадрлар бөлімінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Қайрат Көпбаевтың жазасы жеңілдетілді, деп хабарлады paryz.kz.

Бірінші сатыдағы сот үкіміне сәйкес, Көпбаев пенитенциарлық жүйенің орташа қауіпсіздігі мекемесінде 5 жыл отыруы керек болған. Сондай-ақ, ол генерал атағынан және "Құрмет" орденінен айырылып, өмір бойына мемлекеттік органдарда жұмыс істеу мүмкіндігінен шеттетілді.

"Қазақстан Республикасының әскери соты апелляциялық тәртіпте генерал-майор Көпбаевқа қатысты қылмыстық істі қарады. Қорғаушы сотталушының кінәсі дәлелденбегендіктен, оны ақтауды сұрады", - деп көрсетілген сот хабарламасында.

Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін ішінара өзгерту туралы шешім қабылдады.

"Бірінші сатыдағы сот үкімі өзгертілді. Бас бостандығынан айыру режимі ең төменгі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мекемеге ауыстырылды. Жазаның қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды", - деп қосты сот.