«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің анасын іздеп, оның туған жері Арқалық қаласына барған болаты. Бүгін тағы бір жаңа дерек жариялады.
Айтуынша, Жәнібектің әкесі болуы мүкін ер адам ДНҚ тапсырған.
"Құдайға шүкір. Ер-азаматтар ояна бастады. «Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін, ДНҚ анализ тапсырайыншы» деп бір Бауыржан есімді ер жігіт хабарласты. Бүгін Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтейік», - деп жазды журналист.