Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Тоқаев пен әкімдер "аш балалардың" жейтінін жеп көрсін" - заңгер

"Қазақстанның әр қаласының белсенділері мен қоғамтанушылары өз қалаларының ең кедей және кедей көпбалалы 10 отбасының тізімін жасай алады", - дейді Жангелді Сүлейманов.

"Тоқаев пен әкімдер "аш балалардың" жейтінін жеп көрсін" - заңгер
фото: ашық дереккөз

Заңгер Жангелді Сүлейманов Қасым-Жомарт Тоқаев пен әкімдерге "аш балалардың жейтінін жеп көріңіз" деп үндеу жолдады, деп хабарлады paryz.kz.

"Мемлекет басшысы мен әкімдер кедей және көпбалалы отбасыларының ауыр жағдайын назарға алуы керек. Олар елдегі шынайы жағдайды түсінуі тиіс. Аш балалардың не жеп жүргенін біле ме?" - дейді ол.

Айтуынша, мемлекет басшысы мен әкімдер кедей және көпбалалы отбасылардың ауыр жағдайын назарға алуы керек.

"Қазақстанның әр қаласының белсенділері мен қоғамтанушылары өз қалаларының ең кедей және кедей көпбалалы 10 отбасының тізімін жасай алады. Мұндай отбасылар өліп қалмай, қалай жансақтап отыр? Тоқаев пен қала әкімі осы отбасылардың үйіне барсын. Аш балалардың жағдайын көрсін. Бір күнде 10 отбасына баруға болады. Олар не жейді? Қалай ұйықтайды? Тұрып жатқан құжыралары қандай екен?", - дейді заңгер.

Сондай-ақ ол Тоқаев елдің жағдайын жеке кабинетте отырып, қоластындағылардың есебімен бағалауды қоюы керек деген пікірде.

"Тоқаев пен әкімдер саналы түрде халықтың игілігі үшін жұмыс істеуі керек. Шенеуніктер бұл отбасыларға көмектеседі деп сенемін. Егер ешқандай өзгеріс болмаса, онда біздің болашағымыз жоқ", - деді Жангелді Сүлейманов.