Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Нұр-Сұлтанда ірі мөлшердегі есірткі мен қару тәркіленді

"Бағасы - "қара нарықтағы" ақшалай баламада 6 миллион теңге", - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтанда ірі мөлшердегі есірткі мен қару тәркіленді
фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтанда полицейлер арнайы операция өткізіп, соның нәтижесінде тұрақты түрде елордаға есірткі заттарын жеткізіп тұрған "арна" жойылды, деп хабарлады paryz.kz

Астана қалалық ПД баспасөз қызметі 29 қаңтарда есірткі өткізу кезінде Жамбыл облысының 37 жастағы тумасы ұсталғанын хабарлады. Арнайы операция барысында одан аң аулайтын АКСУ автоматы мен 50-ге жуық патрон тәркіленді. Іс бойынша сараптама тағайындалды.

"Ұсталған азаматтың үйін, автокөлігін тінту барысында 3 полиэтилен пакет пен "марихуана" салынған 5 оралған түйіншек, 7 440 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді. Алынған есірткі заттарының жалпы салмағы - 3 келі. Одан тұтыну үшін 300-ден астам "марихуана" дозасын алуға болады. Бағасы - "қара нарықтағы" ақшалай баламада 6 миллион теңге", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 296-бабы, 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") және ҚР ҚК-нің 287-бабы, 3-бөлігі ("Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.