Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Бозжырада қонақ үй cалуға ыңғайлы жер таңдалды

5 ақпанда аудан орталығында "қоршаған ортаға әсерді бағалау" бойынша тағы да қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарланып отыр.

Бозжырада қонақ үй cалуға ыңғайлы жер таңдалды
фото: ашық дереккөз

Жабайұшқан аумағында ешқандай құрылыс жүрмейді. Қонақ үй шатқалдан 4 шақырым қашықта салынады, деп хабарлады paryz.kz, azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр әлеуметтік желіде Маңғыстау жеріндегі Бозжыра табиғи ескерткіші аумағында қонақүй құрылысы басталғаны жөнінде видео тараған болатын. Осы жағдайға байналысты бір топ маңғыстаулық белсенді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовқа ашық хат жолдап, нақты талап қойған еді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет Маңғыстау облысындағы Бозжыра табиғи қорығының аумағына салынатын визит-орталығының жобасын қайта қарап, қоғамдық кеңестің, эколог-сарапшылардың пікірін ескере отырып, инвесторлармен бірлесіп, қонақ үй салу үшін жаңа орынды анықтады. 

Инфрақұрылым жүргізу үшін инвестор тек "жасыл" технологияларды қолданатын болады. Туристік нысанды құрудың арқасында 200-ден астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Ал Қарақия ауданында сапар-орталықтың салынуына байланысты қоғамдық тыңдау өтті. Жоба авторлары, инвесторлар мен Қарақия ауданының басшылары Сенек ауылының тұрғындарымен кездесіп, жобаны таныстырды. Ауыл ақсақалдары ұсыныс-пікірін білдірді.

Тағы оқи отырыңыз: "Жындының сандырағы!": экологтар Бозжыра шатқалына қонақ үй салуға қарсы

Тоқаевтың тапсырмасы Бозжыраға қонақ үй салынбайды дегенді білдірмейді

5 ақпанда аудан орталығында "қоршаған ортаға әсерді бағалау" бойынша тағы да қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарланып отыр.