Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қазақ діннен арылу керек - Мұхтар Мағауин

Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин Halyq Uni тілшісіне берген сұхбатында елдегі діни ахуалға қатысты пікірін білдірді.

Қазақ діннен арылу керек - Мұхтар Мағауин
Коллаж: Azattyq Ruhy

«Дін туралы тақырыпты бұрын шетжағалап қана жазғанмын. Дін – апиын. Оның мәнін ешкім ұғып жатқан жоқ. Апиын аз қолданса ем, көп қолданса - ауру. ХХ ғасырдық басында, ХІХ ғасырдың аяғында қазақ зиялылары отарлыққа және дінге қарсы күресті. Дін деген қараңғылық. Әсіре діншілдік түкке керегі жоқ. Мәдениетке дін емес, ғылым-білім, мешіт емес, мектеп жеткізеді», - дейді жазушы. 

Оның айтуынша, елде діншілдік күшейіп кетті. Осы жағдайға байланысты заң аясында шара қолдану керек.

«Мұсылмандықтың қанша пайдасы бар? Бізге арабтың діншілдігінің не керегі бар? Оның бәрі біздің табиғатымызға жат нәрсе. Жалпы діншілдікті азайту керек. Қазақ діннен арылу керек. Зиялылыққа жету қажет. Зайырлы мемлекет болу үшін соны санаға сіңіру керек. Бұл әсіресе, қазір балалардың санасын бұзып жатыр. Ойламаған жерде дін қазаққа қайшы болып шықты. Діндәрлар қазақтың дәстүр-салтын сақтаңдар демейді, керісінше оған қарсы. Қазақтың ұлттық киіміне қарсы. Қазақтың тілін бүлдірді. Ең соңында бейіт тұрғызуға, келіннің сәлем салуына қарсы. Осының бәрі қазақты құртады. Бұған заң жүзінде шара қолдану керек. Насихатшылары бар салафиттер, оның ішінде Назарбаевтың інісінің баласы түрмеде отыр. Оған мемлекет тарапынан және Назарбаевтың тарапынан қолдау болды. Бұл халықты ұлттық санадан айырады. Бұл қазаққа, мемлекетке қарсы жасалған қылмыс. Біз алдымен қазақ болуымыз керек», - деді Мағауин сұхбатында.