Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Astana LRT" ісі: экс-шенеуніктерге интерпол арқылы іздеу жарияланды

Қазір осы іске қатысы бар деген күдікпен 7 адамның ісі сотта қаралып жатыр.

"Astana LRT" ісі: экс-шенеуніктерге интерпол арқылы іздеу жарияланды
фото: ашық дереккөз

"Astana LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен қала әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбековке интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің басшысы Сергей Петров мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Интерпол аясында іздестіріліп жатқан қос күдікті мұхит асып кеткен болуы мүмкін. Құзырлы органдар олардың ізіне түскен көрінеді. Қазір осы іске қатысы бар деген күдікпен 7 адамның ісі сотта қаралып жатыр.

"Astana LRT" ісі қазір сотта қаралып жатыр. Күдікке іліккен 7 адам бар. Одан бөлек, тағы 2 күдіктіні интерпол желісі бойынша іздестіріп жатырмыз. Олардың қайда екенін анықтадық десек те болады. Қазір өзге де құзырлы орындармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Агенттік қызметкерлері Шымкенттегі модульдік аурухананы салатын кезде ақша ұрланған болуы мүмкін дейді. Қазір олар бұл жайтты жіті тексеріп жатыр. Әзірге нақты бір адамдар күдікке ілінбеген. Ал Алматыдағы модульдік аурухана құрылысына қатысты жайттар аудиттік тексерістен кейін белгілі болмақ", - дейді Сергей Петров.