Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздардың ауылына барған журналист тосын жайтқа тап болды

Түркістан облысында ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған апалы-сіңлілі қыздарды қамқорлығына алып, олардың ісін зерттеумен айналысып жүрген «Көреміз» бағдарламасының түсірілім тобы Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдер қаласына барып, тосын жайтқа тап болды.

17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздардың ауылына барған журналист тосын жайтқа тап болды
Фото: massaget.kz

Бұл жолы қыздардың аға-жеңгесіне қатысты қандай іс қозғалатынын білу мақсатында барған бағдарлама жүргізушісі Руслан Өтепбай тосын жайтқа тап болған. Журналист әлеуметтік желіде оқиғаның видеосын жариялады.

«Алматыдан Шәуілдірге шұбатқа емес, сұхбатқа шөлдеп барғанымыз айдан анық! Шұбат пен жел сөзге тойғанымыз жетер. 17 жылдық құлдықтың қамытында болған қос қарындасымыздың құқығы жоғары түрде қорғалуы тиіс.

Бұл істі Қазақстан Республикасының Бас прокоруры Асылов Берік Ноғайұлы өз назарына алар деген сеніміміз мол. Осы видеоны әлеуметтік желіде таратып, Құндыз бен Назгүлге бірге араша болайық!», - деп жазды ол.