Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағынан айырылды

29 қаңтарда Бейбіт Голливудта, АҚШ-тың Флорида штатында Америка боксшысы Рафаэль Мёрфимен жұдырықтасуы тиіс еді, алайда қазақстандық боксшыға белгісіз себептермен жұдырықтасуға рұқсат етілмеді.

Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағынан айырылды
фото: ашық дереккөз

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті (18-2, 12 KO) бірінші ауыр салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атағынан айырды, деп хабарлады paryz.kz, Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қауымдастық WBA Regular нұсқасы бойынша осы дәрежеде әлем чемпионы етіп бұрынғы "уақытша" чемпион, Бельгия спортшысы Рияд Мерхиді жариялады. Ол келесі жекпе-жегінде Куба боксшысы Юниэр Дортикоспен кездесуі тиіс. Тараптардың келіссөз жүргізуіне 30 күн берілді.

Бұған дейін WBA Мерхиді Шүменовтің міндетті үміткері етіп тағайындаған, алайда тараптар келісімге келе алмады. 29 қаңтарда Бейбіт Голливудта, АҚШ-тың Флорида штатында Америка боксшысы Рафаэль Мёрфимен жұдырықтасуы тиіс еді, алайда қазақстандық боксшыға белгісіз себептермен жұдырықтасуға рұқсат етілмеді.

Айта кетсек, Шүменов 2018 жылы елордада түрік боксшысы Хизни Алтункаюді (32-3, 19 КО) нокаутқа түсірген кезден бері рингке шыққан жоқ. WBA шешімі ішкі ережелерге негізделіп шығарылды.

"WBA-ның өзіне ұсынған талай мүмкіндіктерді пайдаланып, жасаған сұраныстарына қарамастан, Шүменов өз титулын 30 айдан астам уақыт қорғамаған. Сол себепті, ол чемпион атағынан айырылып, енді WBA-ның бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы болып Мерхи атанды", - делінген қауымдастық қаулысында.