Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Еліміздегі су шығыны 48 пайызға өскен

Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан жылына табиғаттан 25 миллиард текше метр су ресурстарын алады. Оның 21 миллиарды тұтынуға кетсе, қалған 4 миллиард су шығынданып, далаға кетіп жатыр. Өкініштісі, соңғы жылдары су шығындары – 48 пайызға өскен, деп хабарлайды Paryz.kz.

Еліміздегі су шығыны 48 пайызға өскен

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршиннің 20 желтоқсанда Мәжіліс отырысында су мәселесіне қатысты өзекті сұрақтарды көтерді: 

- әлі күнге дейін 51 пайыз ауыл таза ауыз суына қол жеткізе алмаса, 36 пайыз ауылда орталықтандырылған су жүйелері жоқ. 21 ғасырда, қыстың күні қырауда қол арбамен, бидонмен су тасыған ауыл тұрғындары жетерлік.

- бұл салада су үнемдеуші технологияларды пайдалану деңгейінің өте төмендігі. Бізде тамшылатып суаратын әдістер жоқтың қасы. Игерілетін жерлердің тек 14 пайызында ғана су үнемдеу технологиялары қолданылады.

-  көліктерді жууатын нысандар суды қайта пайдалануды жолға қоймаған. Ал, олардың көбі ауыз сумен көлік жуады. Қаншама су ысырап болып жатыр.

- кәріз, ағынды лас суларды да әлемнің көптеген Сингапур сияқты елдері 100 пайыз қайта өңдеп, тіпті ауыз суға пайдаланады. Ал, бізде суды қайта пайдалану небәрі 2,5 пайыз.

- тағы бір күрделі мәселе Каспий теңізінің тартылуы. Кейбір жағалаулар 3-4 км кетіп қалды. Жайықтың теңізге  құятын жері 30-40 см болып қалған. Ертең теңіз порттарымыздың жағдай қандай болмақ. 

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев су тапшылығын шешу үшін арнайы 20 жаңа бөген салу мен 3,5 мың шақырымдық каналды жаңғыртуды тапсырды. Бірақ, бүгінгі Үкіметтің салғырт, әрі баяу қимылынан жақын арада Қазақстандағы су тапшылығы мәселесі шешімін толық таппайтындай көрінеді.

Қорытындылай келе, депутат кадр мәселесі, ауыз сумен қамтамасыз ету, суды үнемдеу, трансшекаралық су дипломатиясы, әділ су тарифі, суды қайта пайдалану, жалпысалалық цифровизация, жер-асты суларын дұрыс пайдалану сияқты мәселелермен жан-жақты, жүйелі түрде айналысу қажет екендігін ескертті.