Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Мүгедектердің құқығын бұзған 886 нысанның 86-сына айыппұл салынды

604 тексеру жоспарлы профилактикалық бақылау аясында, 282-сі азаматтардың берген өтініштері бойынша жүргізілді...

Мүгедектердің құқығын бұзған 886 нысанның 86-сына айыппұл салынды
фото: Almaty.tv

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылы 900-ге жуық ұйымның мүмкіндігі шектеулі жандарға заң бойынша жағдай жасамағанын анықтапты. Нақтырақ айтсақ, ғимараттар мен көлікке кіруіне қажет арнайы инфрақұрылым талапқа сай төселмеген, деп хабарлады paryz.kz.

"Мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және жолаушы тасымалы саласындағы 886 объект тексеріліп, бәрінен заңбұзушылық табылды. 604 тексеру жоспарлы профилактикалық бақылау аясында, 282-сі азаматтардың берген өтініштері бойынша жүргізілді", - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Тексеру қорытындысы бойынша, кемшіліктерді жою үшін 699 нұсқама беріліп, 86 нысанға 21,2 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Жалпы елімізде 35 158 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бар. 2020 жылы соның 34 784 объектісі паспорттаудан өтіпті.