Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Маған кедергі жасамаңыз!": Мұхтар Тайжан Ауыл шаруашылығы министріне үндеу жолдады

"Жер деген - жалпыұлттық мәселе. Мен сіздің жеке отбасылық тойыңызға барайын деп тұрған жоқпын", - деді ол.  

Мен естуімше, Сапархан Омаров мырза, а/ш министрі, президент жариялаған Жер комиссиясының құрамына мені кіргізгісі...

Опубликовано Мұхтаром Тайжаном Четверг, 28 января 2021 г.
"Маған кедергі жасамаңыз!": Мұхтар Тайжан Ауыл шаруашылығы министріне үндеу жолдады
фото: oinet.kz

Белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Facebook-тегі парақшасына еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа үндеу жариялады, деп хабарлады paryz.kz.  

"Естуімше, Сапархан Омаров мырза, ауыл шаруашылығы министрі, президент жариялаған Жер комиссиясының құрамына мені кіргізгісі келмей жатыр. Ол түсінікті, менің көзқарасым министрдің көзқарасына қарама-қайшы ғой.  Бірақ Жер мәселесі тек сіздің жеке мәселеңіз емес немесе тек "Атамекен" ұйымының немесе тек фермерлердің. Жер деген - жалпыұлттық мәселе. Мен сіздің жеке отбасылық тойыңызға барайын деп тұрған жоқпын. Жер мәселесімен, міне, 5 жыл айналысып келе жатырмын. 2016 жылы сәуір айында сол жер митингісін ұйымдастырғаным үшін мені полиция 2 рет үйімнен алып кеткен жайттар болды. Сондықтан сол комиссияға кіру, Жер мәселесін түбігейлі аяғына дейін жеткізу - ол менің моралдық құқым, ал халықтың алдында - үлкен парызым. Маған кедергі жасамаңыз немесе өзіңізге ауыр тиеді.  Әділетсіз сайлау, сыбайлас жемқорлық - бұл мәселелер уақытша ғана. Ал Жерсіз мемлекетіміз құриды, ыдырап кетеді. Кейбіреулердің арманы - жерді меншікке сату түбі соған апарады. Ал біз оған жол бермейміз. Комиссия арқылы болмаса, Жер мәселесін біз басқаша шешуге кірісеміз. Қалай болса да, халық талабының орындалуын қамтамасыз етеміз. Сондықтан мәселені үлкен қақтығысқа апармай, үстелдің басында шешкеніміз жөн", - деді Мұхтар Тайжан.