Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Қызылордада күдікті абақтыда отыратын камерасын таңдап жүр (ВИДЕО)

Бұл адам осыдан аз уақыт бұрын Қылмыстық кодекстің "Пара алу" бабы бойынша қамауға алынған қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары болуы мүмкін...

Қызылордада күдікті абақтыда отыратын камерасын таңдап жүр (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Қазнетте абақтыда отыратын камерасын таңдап жүрген күдіктінің видеосы тарап, көпшіліктің ашуын келтірді, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Көпшілік мұны Қызылорда қаласындағы Уақытша ұстау абақтысында болғанын айтуда.

Телеарнаның хабарлауынша, желіні шулатқан видеодан полиция қызметкерінің қасындағы күдіктінің емін-еркін абақты камераларын аралап, отыратын жерін таңдап жүргенін байқауға болады. Желі қолданушылардың сөзіне сенсек, бұл адам осыдан аз уақыт бұрын Қылмыстық кодекстің "Пара алу" бабы бойынша қамауға алынған қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары болуы мүмкін.

Облыстық Полиция департаменті бұл фактіні растамаған, тіпті жоққа да шығармаған. Қазір зерттеп-зерделеу жұмыстары басталып кеткенін ғана жазбаша түрде хабарлаған.

"Қазіргі уақытта жарияланған бейнежазба бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеуді бастады. Бейнежазбаның шығу дерегі зерделенуде", - дейді Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Шамшидин Амитов.