Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Анамды таппайынша, Испанияға бармаймын – анасын іздеген қазақ баласы

Шетелден елімізге келіп, анасын іздеп жатқан Мұрат есімді (қазіргі құжатында ЭддЖан, – ред.) жас жігіт әлеуметтік желіде көпшілікке жақсы хабар айтты. Бұл жігіттің аты қазақшада әуелі Жәнібек болып таныстырылған еді. 

Анамды таппайынша, Испанияға бармаймын – анасын іздеген қазақ баласы
фото: әлеуметтік желіден

Одан кейін құжат бойынша оның аты-жөні Жәнібек Мұратұлы Жұмағұлов деп аталатыны белгілі болды. Бірақ бала осы күнге дейін өзін «Мұрат» деп таныстырып жүр. Эфирде де, сценарийде де Мұрат деп жазыңызшы деген – баланың үлкен өтініші. Міне, осы бір айдан бері анасын іздеп жүрген Мұрат бір сағат бұрын Қазақстанда анасын таппайынша, Испанияға бармайтынын жеткізді.

Мен анама қазіргідей жақын болған емеспін. Сондықтан анамды тапқанша Испанияға үйге оралмауды жөн көрдім.

Құрметті қазақ елі, маған сіздердің қолдауларыңыз бен көмектеріңіз қажет. Мен анамды іздеуді доғарған жоқпын. Әлі де іздеу үстіндемін. Осы постты Instagram стористе бөлісіңіз. Маған ана керек. Қазақстаннан туған анамды тауып, оны құшағыма алып, туыстарымды табатыныма сенімдімін, – деді ол.

Мұрат Facebook-те Jani Saveliev (Murat) деген атпен тіркелген. Бұл жас жігіт туралы видеоны алғаш рет Facebook-те журналист Олжас Беркімбаев жариялады. Ол 2002 жылы 17 қаңтарда Арқалықта туғанын, 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғызбасты анасы асырап алуға алып кеткенін айтты.

Белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан ЭддиЖанға «Қазақ радиосындағы» «Бармысың, бауырым?» бағдарламасы арқылы көмектесіп, оның анасы туралы тың деректер табылғанын хабарлады. Бұл кезде Мұрат анасы туралы қандай да бір мәлімет алу үшін туған қаласы – Арқалықта жүр еді.

Мұратқа қатысты тағы да бөлек архивтік құжат табылды. 13 парақтан тұратын құжатты алдық. Арқалықта жүрген Мұрат сол құжаттардың көшірмесін алды. Оның анасы Арқалық перзентханасына 2002 жылы 17 қаңтарда түскен. 21 қаңтарда кешкі сағат 22:00-ге дейін үйге барып келейінші деп перзентхана дәрігеріне қолхат қалдырады. Баладан бас тартпаған. Қайтып келемін деген. Осы ретте көп көмек көрсеткен Арқалық перзентханасының басшылығына алғыс білідерміз, – деді Қымбат Досжан.

Бұған дейінгі архивтік құжаттарда келіншек Аққұмнан деп шықса, одан кейін Ақкөл ауылында тұрған деген дерек пайда болды.