Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қызылшаға қарсы профилактикалық жұмыстар жалғасуда

Қызылшаға қарсы профилактикалық жұмыстарды күшейтуды тапсырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қызылшаға қарсы профилактикалық жұмыстар жалғасуда
Фото: cgon.rospotrebnadzor.ru

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков қалалық №4 емханада болып, медициналық мекеменің жұмысы барысымен танысты.

Мамандардың айтуныша, қызылшаға қарсы екпе тұрақты қорғаныс тудырады.

Үшінші мегаполистің бас дәрігері хирургия, лаборатория, дәріхана, отбасын жоспарлау, вакцинация, ем-шара кабинеттерін, дәрігерге дейінгі бөлме, call және ситуациялық орталықтарды, лор бөлмесін, қаралу бөлмесін, фильтр кабинеттерін қарап шықты.

Шаһарда эпидемиологиялық ахуалға байланысты қызылшаның алдын алу жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Сондықтан басқарма басшысы Н.Асылбеков емханадағы қызметкерлерге қызылшаға қарсы күрес жұмыстарын, оның ішіндегі тәуекел тобындағы адамдарды жаппай екпе алуын және ЖРВИ, өкпе қабынуына қарсы профилактикалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Атап өтейік, қалалық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен республикалық бюджет қаражаты есебінен емханаға ЛОР комбайн, цифрлық рентген аппараты, стоматология аппараты және микроскоп сатып алынды. Емханада консультативтік-диагностикалық қызметтердің түрлері ұлғайтылып, 2022 жылмен салыстарғанда сыртқы жолдамалар 28,4%-ға төмендеді.

Өзге де қызметтер түрінің спецификациясынан үнемделген қаржы есебінен емхана ғимаратының іші мен сыртына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.