Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Маңғыстауда ер адам 5-сынып оқушысынан жалаңаш суретін сұрап, кездесуге үйіне келген (видео)

Маңғыстау облысына қарасты Батыр ауылының тұрғыны 5-сынып оқушысына 20 жастағы такси жүргізушісі  ұятты әңгімелер жазып, жалаңаш сурет сұрағанын айтады. Әйел қызының желідегі парақша арқылы тынымсыз түрде біреумен хат алмасып жүргенін байқаған.

Маңғыстауда ер адам 5-сынып оқушысынан жалаңаш суретін сұрап, кездесуге үйіне келген (видео)
Фото: видеодан скриншот

Қызығушылық танытып, тексерген сәтте ересек адамның қызына жазған сөздерді оқып, шошып кетеді. Ол бірден қызы болып онымен әңгімені жалғастырады. Такси шопыры оқушыны кездесуге шақырып,не киіп шығуды да түсіндірген, деп жазды KYN.KZ. 

"Ол қызымнан жалаңаш, тұтас бойыңмен сурет жібер дейді. Кездесуге лсины киіп шық деген. Мен қызым болып сөйлесіп "Үйде ешкім жоқ. Келебер дедім" Ол келіп, жол бойында тұрған сәтте видеоға түсіріп алдым. қаша жөнелді. ұйқаспайтын өтірігін айтып, бой бермей тұр. Менде оның қызыма жазған сөздері мен ұсыныстарының барлығы тұр. Полицияға тапсырдым",-дейді әйел.

Жергілікті полиция ер адамның көлік номері мен телефон номері арқылы оны  бірден тапты. Қазір болған жағдайды толық тексеру жүріп жатыр.