Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда прокуратура өкілдері жастармен кездесті

Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде студенттермен арнайы кездесу өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда прокуратура өкілдері жастармен кездесті

Іс-шараға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, прокуратура қызметкерлері, белгілі спортшылар қатысты. Онда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, прокуратура қызметкерлерінің атқарылып жатқан жұмыстары талқыланды.

- Статистикаға сүйенсек, қала аумағында жастар арасында орын алған құқық бұзушылық жағдайлары алдыңғы жылмен салыстырғанда өскен. Бұл ұрлық, алаяқтық, балаларды азғындық жолға түсіру қылмыстарының жасау фактілеріне байланысты болып отыр. Осыған орай, жасөспірімдерге қарсы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу профилактикасы бойынша қала аумағында 72 мобильдік топ құрылды. Мобильдік топтардың негізгі міндеті – жұма, сенбі, жексенбі күндері түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Мектеп оқушыларымен кездесу арқылы қиындыққа тап болған жастарға көмек беріледі, – деді Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Қайсар Қалдыбаев.

Қайсар Қалдыбаевтың айтуынша, мобильді топтар биыл 374 түнгі рейдтік іс-шара жүргізіп, салдарынан 4 557 кәмелетке толмағандар анықталып, оларға әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Бұдан бөлек, қала прокуратурасы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция, әлеуметтік қызметкерлер және педагогика, психологтармен бірлесе, полиция басқармасында есепте тұрған жасөспірімдермен тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.