Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Көлік министрі қала тұрғындарының мәселелерін тыңдады

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев қала тұрғындарымен кездесіп, азаматтардың мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Көлік министрі қала тұрғындарының мәселелерін тыңдады

М.Қарабаев министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, азаматтардың сауалдарына жауап берді. 


Жиында қала тұрғындары негізінен қоғамдық көлік мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, қоғамдық көлікте қызмет сапасын арттыру, автобус жүргізушілерінің жетіспеушілігі, жол кедергілерін ретсіз қою және қаладағы жолдардың сапасын жақсарту мәселелері айтылды.

Көлік министрі іссапарда ұжымымен бірге жүргенін, жергілікті азаматтардың мәселелерін мұқият тыңдаудың маңызды екенін атап өтті. Және қалада стратегиялық маңызды нысан құрылыстарының барысынан хабардар етті. 

– Жалпы халықпен кездесуде ең көп көтерілгені жолаушылар тасымалына қатысты мәселелер. Қоғамдық көліктердің қызмет сапасын бақылау жергілікті әкімдік тарапынан қадағалануда. Автобуста жеңілдікпен жүру мәселесі субсидия беруге келіп тіреледі. Бұл мәселені алда қосымша талқылайтын боламыз. Ал көлік жүргізуші куәлігі жасын төмендету бойынша тиісті жұмыстар қолға алынған. Заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр. Сондай-ақ, жол-көлік саласында 6  мыңнан астам маман жетіспейді. Мәселелер кешенді түрде шешіледі, – деді министр.

Сонымен қатар, министр маңызды құрылыстар бойынша БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Марат Кәрімжанұлы жұмыс сапары аясында әуежайдың жаңа терминалы, Қонаев даңғылы жалғасы құрылысы, Шымкент темір жол вокзалын қайта құру жұмыстарының барысын аралап көргенін мәлімдеді. 

Шымкент әуежай терминалы құрылысының 2-ші кезеңін 2024 жылы толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 113 адам жұмыс істеуде. Министр жауаптыларға жұмыс күшін көбейтіп, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырғанын атап өтті. 

Вокзал ғимаратын заманауи талапқа сай қайта құру жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.