Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

2024 жылы қажылыққа қызмет көрсету құқығына 17 турфирма ие болды

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төраға орынбасары, найб мүфти Ершат Ағыбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

2024 жылы қажылыққа қызмет көрсету құқығына 17 турфирма ие болды
Фото: azan.kz

–Әр жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти бастаған делегациясы мен Сауд Арабияның Қажылық және ұмра министрлігі арасында келісімшарт жасалады. 2024 жылы ресми 17 турфирма қажылыққа ниет еткен жамағатқа қызмет көрсетеді. Олар қажылардың қауіпсіздігіне, оларды Мекке-Мединаға апарып-әкелуге, қонақ үй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттеледі, – деп атап өтті Ершат Ағыбайұлы.

Осы 17 қажылық турфирманың атауы мешіттердегі ақпарат тақтайшаларына ілінеді. Олар: «Хикмет Тревел» ЖШС, «Атлас Туризм» ЖШС, «Қызмет Саяхат» ЖШС, «Tawaf Travel» ЖШС, «Хидаят-Нур» ЖШС, «Нұр-Қазақстан» ЖШС, «Nurkhan travel» ЖШС, «Сембекова и К» ТС, «Sanabl kz» ЖШС, «Mina travel» ЖШС, «Ал-Маруа» ЖШС, «Ордабасы – НЖ» ЖШС, «Robinzon kz» ЖШС, «Delta Tour» ЖШС, «Иман Travel Тур» ЖШС, «Dostik travel» ЖШС, «Qazaq Sapar» ЖШС.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қажылыққа баратындар үшін «Қажының рухани келбеті» құжатын дайындаған. Мұндағы басты мақсаты – азаматтардың қажылық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

–Жалпы қажылық парызын өтеуге ниеттенген адам неге дайын болу керек, не істеу керек, нені білу керек, қалай рухани және техникалық тұрғыдан дайын болу керек барлығы осы құжаттамада қамтылған. Бес парыздың бірі болған қажылық құлшылығын өтеп келген отандастарымызды қоғамда көркем мінезімен, өнегелі істерімен үлгі көрсетуге және қажы деген құрметке лайықты болу керек. Сол тұрғыдан алып қарағанда «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжатын ел арасында, жамағат ішінде кеңінен насихаттау керек», –деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жандилла Мамытханұлы Бекжігітов.

«Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы үш тараудан тұрады. Онда қажылыққа рухани дайындық, қажылық мәдениетін сақтау, қажының рухани келбеті қандай болуы керек екендігі туралы кеңінен айтылады.