Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қызылшаның алдын алу: медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдемесіне сәйкес Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаладағы жедел жәрдем қызметі, стационарлар мен емханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қызылшаның алдын алу: медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Мәліметтерге сүйенсек, қызылша дертімен сырқаттанушылықтың артуына байланысты қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының төсек қоры 120-дан 260 төсекке көбейтілді. Қосымша қалалық клиникалық балалар ауруханасында 30 төсектік оқшаулау бөлімшелері ашылған.

Қазіргі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жеткізілген науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін қабылдау бөлімі 5 боксқа ұлғайтылған. Бұдан бөлек қажеттілігіне қарай стационарда бекеттер көбейтіліп, күнделікті тағы да 5 дәрігер кезекшілікпен емделушілерге көмек көрсетуде.

Қаладағы баолық емханаларда мобильді бригадалардың да жұмысы күшейтілген. Тәулік бойы ауруханада амбулаториялық науқастарға консультациялық көмек көрсетілу ұйымастырылған.

Бүгінге дейін Шымкент қаласында 29 892 азаматқа екпе егілген, яғни бұл жалпы жоспардың 25,3 пайызын құрап отыр. Иммундауға 6 айдан бастап 11 ай 29 күнге дейінгі және 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар мен медицина қызметкерлері жатады.

Статистикаға сүйенсек, қалада осы жылдың наурыз айынан бері қызылшамен ауырған науқастардың 84 пайызын балалар құрап, олардың 88 пайыздан астамы қызылшаға қарсы екпе алмаған. Мамандар қызылшаның асқынуы ортаңғы құлақтың қабынуы, соқырлық, бронхопневмония, жатыр мойны лимфа түйіндерінің қабынуы, ларингит және энцефалитке әкелуі мүмкін екендігін алға тартады. Сондықтан медицина мамандары ата-аналарға жауапкершілік танытып, балаларын вирустан сақтандыру үшін екпе салдыруға шақырады

Айта кетейік, қалада иммундау процесін жүргізетін 187 егу пункті ұйымдастырылып, 49 көшпелі егу бригадасы жасақталған.