Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Бұрынғы вице-министр Шкарупа енді мемлекеттік қызметке бармайтынын мәлімдеді

Оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген фактіні 2018 жылы сол кезде Бас прокурор болған Қайрат Қожамжаров ашық жариялады.

Бұрынғы вице-министр Шкарупа енді мемлекеттік қызметке бармайтынын мәлімдеді
Фото: rus.azattyq.org

Энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Анатолий Шкарупа мемлекеттік қызметке оралуды жоспарлап отырған жоқ. Ол бұл туралы Қарағандыдағы сот оған ақтау үкімін шығарғаннан кейін айтты, деп хабарлады paryz.kz, Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.

"Мен мемлекеттік қызметке бармаймын. Бұл - менің ұстанымым", - деді экс-шенеунік.

Анатолий Шкарупа моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюға құқылы, бірақ ол мұны жасайтын-жасамайтынын әлі шешкен жоқ.

"Екі жарым жылға жуық тек осы қылмыстық процесс бар ойымды жаулап алды. Мен өз-өзіме келген соң бұл мәселені шешемін", - деп түсіндірді ол.

Анатолий Шкарупа 2018 жылдың қарашасынан бастап түрмеде, 2020 жылдың маусымынан бастап үй қамауында болды. Оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген фактіні 2018 жылы сол кезде Бас прокурор болған Қайрат Қожамжаров ашық жариялады.

Қожамжаров Шкарупаның 2015 жылы Саран қаласында есеп айырысу қондырғыларын орнатуға бөлінген 215 миллион теңгенің ұрлануына қатысы бар деп мәлімдеді. Ақша жұмсалған орталықта жылыту мүлдем жоқ.

Сот Анатолий Шкарупаның ісін тергеу кезінде Бас прокуратура әрекеттерінен заң бұзушылықтарды анықтап, қадағалау органына жеке шешім шығарды. Келтірілген залалдың мөлшерін растайтын дәлелдерді сот қате деп тапты.