Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Шымкент шаһарында жарықтандырылған көшелер көбейді

Шымкент қаласының аудан аумақтарында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Биыл Абай ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 16 көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал, келер жылы 176 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкент шаһарында жарықтандырылған көшелер көбейді

Әл-Фараби ауданы аумағында 14 көшені жарықтандыру жоспарланып, қазіргі таңда 8 көшеде (Әбдіразақов, Тыныбаев көшесі, Бөгет көшесі, 16 шағынаудан ішкі орам көшесі, Мәметов көшесі аумақтары) жұмыстар аяқталды. Қалған 6 көшеде жарықтандыру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Тұран ауданында 22 көшені жарықтандыру жоспарға енгізіліп, қазіргі уақытта 13 көшеге жарықшамдар орнатылды. Атап айтқанда, Әбдірайымов (Жанаталап шағынаудан), Ескендіров, Әбсеитов (кіші Самал шағынауданы), Аққыстау (Қазығұрт), Балапан Ата (4 шағынаудан), Аққыстау, Қарашығанақ көшелері (Құрсай елді мекені) жарықтандырылды.

Еңбекші ауданы аумағында 28 көшені жарықтандыру жоспарланып, жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. 2024 жылы ауданда 192 көшеге жарықшамдар орнатылатын болады.

Қаратау ауданы аумағындағы орталық 91 көше жарықтандырылған. Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 30 көше жарықтандырылады. Олар – Сейфуллин, Ахтам, М.Әуезов және Бозжорға көшелері қиылысы, Абай, Жамалов, Мыңөрік, Атымтаев,Саяхат, Ақсұңқар, Қызылсу, Үшөзен, Шаян, бұрынғы Коммунистер, Әдия ТҮК, көп қабатты үйлер аумағы, Болашақ, Медеу, Дайрабеков, Ақбаев, Ахметбаев, Ақберен, Балқаймақ, Төле би, Баққон және атауы жоқ 5 көше. Бүгінге дейін 19 көшеге толығымен жарық шам орнатылып, 11 көшені жарықтандыру жыл соңына дейін аяқталмақ.

Шымкент қаласы бойынша жалпы орталық маңызы бар 747 көшенің 518-і жарықтандырылған. Оның ішінде, 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 165 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 47 %-ден 69 %-ға өсті. 2023 жылы жалпы 104 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Жыл қорытындысы бойынша жарықтандыру көрсеткіші 69%-дан, 75%-ға өседі деп күтілуде.