Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Шымкентте елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жалғасуда

Шымкенттегі тұран ауданында қос елді мекен табиғи газға қосылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жалғасуда
Фото: Серік Қосаев

Шымкентте жыл сайын газ тұтыну көлемі артып келеді. Желілерді жаңғырту алдағы жылдарға оны тұтынатындар санын көбейтпесе, азайтпайды. Істелген жұмыстың бірнеше пайдалы тұсын атап өтуге болады.

Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Ақтас және Ақтас-2 елді мекендеріне табиғи газ берілді.

- Газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, биыл аяқталды. Нәтижесінде 16,7 шақырым газ құбыры тартылып, 1 380 абонент көгілдір отынды тұтынуға мүмкіндік алды. Жақында Арғымақ елді мекенін де табиғи газға қосамыз. Сөйтіп Тұран ауданындағы газдандыру көрсеткіші 98 пайызға жетеді. Ендігі жерде Құрсай және Жаңаталап елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп қойдық. 2024 жылы құрылыс жұмыстары басталады. Сонда 2025 жылға газбен қамтамасыз етілмеген тек Айкөл елді мекені ғана қалып отыр. 2025 жылы Айкөлге де газ жеткізсек, Тұран ауданында газ мәселесі толық шешіледі, — деді Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков.

Көгілдір отынға қол жеткізіп, қуанышқа кенелген тұрғындарға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Шымкент өндірістік филиалының директоры Ермек Қалдығұлов газ тұтыну кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау керектігін ескертті.

Айта кетейік, Ақтас және Ақтас-2 елді мекеніндеріндегі құжаттары дайын тұрғын үйлерге рет-ретімен табиғи газ беріліп жатыр. Газға қосылу үшін тұрғындар «ҚазТрансГаз» АҚ-нан техникалық шарт алуы тиіс.