Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда кедейлік деңгейі 1,5 миллион адамға артады

Болжамдар екі себепке негізделген: жұмыссыздар санының өсуіне байланысты кірістің төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне байланысты сатып алу қабілетінің төмендеуі.

Қазақстанда кедейлік деңгейі 1,5 миллион адамға артады
фото: ашық дереккөз

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы аға экономисі Самсу Рахараджа осындай пікір айтты, деп хабарлады paryz.kz, "Жас Алаш" басылымына сілтеме жасап. 

"COVID-19 дағдарысы Қазақстандағы кедей адамдар санының өсуіне әсер етуі мүмкін. Біздің ойымызша, кедейлік деңгейі базалық сценарийден ең нашар жағдайда 6-дан 14%-ға дейін өседі. Бұл - шамамен 1,5 миллион адам", - дейді ол.

Оның айтуынша, болжамдар екі себепке негізделген: жұмыссыздар санының өсуіне байланысты кірістің төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне байланысты сатып алу қабілетінің төмендеуі.

"Үкімет халықты әлеуметтік төлемдермен қолдау үшін дұрыс қадамдар жасауда. Алайда, дағдарыс жалғасып жатыр. Сондықтан бақылауды жалғастыру қажет. Халықтың қай тобына көбірек қауіп төнетінін анықтап, сәйкесінше қолдау деңгейін түзету керек.  Үкімет қалпына келтіруге бағытталған ауқымды реформаларды жүзеге асырып, оған бүкіл халықтың кіргені жөн", - деді Рахарджа.

Көрсеткіштер осылай көтеріліп кетер болса, кедейлікті төмендетудегі соңғы жетістіктерді жоққа шығаруы мүмкін. Мамандардың айтуынша, COVID-19-дың әсері Қазақстанның ауылдық жерлерінде күштірек болуы ықтимал.

Осыған байланысты Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі кедейлердің саны 0,7 миллион адамға өсуі мүмкін. Бүгінде бұл - елдегі кедейлердің жартысы. Қалған кедей адамдар қалаларда тұрады. Дұрыс қолдау болмаса, ауыл тұрғындарының дағдарысқа дейінгі өмір деңгейіне оралуы ауылдық жерлердің терең тамырланған жұмыссыздықтың жоғары қаупі, экономиканың төмен қалпына келуі, негізгі қызметтердің сапасыздығы сынды сипаттамаларына байланысты әлдеқайда ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.