Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Мал шаруашылығымен айналысам деушілерге мүмкіндік мол

Елімізде биыл агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға Үкімет барлық көздерден 494 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мал шаруашылығымен айналысам деушілерге  мүмкіндік мол

Жақын арада инвестициялық субсидиялауға және несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қосымша 30 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Осы негізде Шымкент қаласының мал шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету үшін «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен 2023 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен ірі қара, қой, жылқылардың аналық басына арналған жем-шөп сатып алу шығындарын арзандату үшін 234,1 млн теңге қаржы қаралыпты.

Қаламызда 3 400-ден аса шаруа қожалығы мен фермерлер бар. Оның ішінде 785-і мал шаруашылығы, 6-ы балық шаруашылығы, 4-і құс және 60 шаруа омарта (бал ара) шаруашылығымен айналысады. Бұл шаруашылықтардың негізгі мақсаты – қала халқын жергілікті жерде өндірілетін сапалы азық-түлікпен қамту үлесін арттыру. Жыл басынан бері шаруалар 8,8 мың тонна ет бордақылап, қала халқына қажетті 18,1 мың тонна еттің 34 пайызын қамтыған. Шымкенттіктердің жылыны сүтті тұтыну қажеттілігі 101,4 мың тонна болса, оның 51,4 мың тоннасын жергілікті шаруа қожалықтар өндіреді. Ал, құс фермаларында өндіріліп жатқан 141 млн дана жұмыртқа шаһарлықтарға қажетті азықтың 83 пайызын қамтып отыр.

Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаудың негізі міндеті де осы – қаладағы азық-түлікті өз қаламызда өндіру. Жалпы қала аумағында 62 965 ірі қара, 72 336 қой, ешкі – 5 324 бас, жылқы 10 580 бас, шошқа – 1305 бас, құс – 930 010 құс бар.

Аталған қолдау барысында республикамызда соңғы 5 жылда шаруа қожалықтарының барлық санаттарында сиыр етін өндіру 56 мың тоннаға, яғни 11,7%-ға (2018 жылы 477,4 мың тоннадан 2022 жылы 533,2 мың тоннаға дейін) өсті, деп хабарлаған болатын үкіметтің баспасөз қызметі.  Ал бүгінде қазақстандықтарды сиыр етімен қамтамасыз ету деңгейі 102 пайызды құрап отыр.

Шымкентте тұрғындарды сапалы табиғи өнімдермен қамтамасыз етуде шаруа қожалықтарының үлесі зор. Солардың бірі Сайрам тұрғын алабындағы «Алтынсай» шаруа қожалығы осы мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруасын дөңгелетіп, фермада бүгінде мал басы 1000-ға жетіп, жылқы мен бөдене шарушылығын да дамытып отыр.

- Етті бағыттағы ірі қараларды өсіруді 2016 жылы 500 ірі қарадан бастадық. Бұқаларды солтүстік өңірден, ал жылқыларды Ресейден әкелеміз. Өйткені Ресей жылқылары қазақы жылқыға қарағанда ірі, әрі етті келеді. Жылқыны 4-6 ай аралығында бағамыз. Жас тайлар 300 келі, ірі жылқы 500 келіге дейін ет береді. Мемлекеттен аналық жылқы үшін субсидия аламыз. Мұндай қолдау шаруашылықты кеңейтуге біршама көмек болды. Ай сайын 250-300 жылқыны бордақылап 75 тонна ет аламыз. Ірі қараны бағу мерзімі көп уақытты алады. Сондықтан айына 150-200 басты бордақылаймыз. Жалпы жылына 750 тонна жылқы, 650 тонна ірі қараның етін Шымкент қаласынан бөлек, Астана мен Қарағанды қалаларына тасымалдаймыз, – дейді қожалық жетекшісі Сардар Қожаахметов.

Бұған қоса қожалықта еті мен жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы, түрлі ауруларға шипа болатын бөдене құсын да асырауда. Қазіргі таңда 40 мың бөдене өсіріп отыр. Оның жұмыртқасы мен етін қала аумағымен қатар, көршілес облыстар мен Астана қаласына дейін жеткізіп жатыр.

 

 

Н. Назарбекова

Абай облысында перзентханада көз жұмған ана мен сәби өлімінің себебі анықталды Абай облысында перзентханада көз жұмған ана мен сәби өлімінің себебі анықталды Тырнақтың астынан кір іздейсіз!: Руслан Өтепбай Назгүл мен Құндыздың арықтап кеткенін айтып, жағдайларын тексерді Тырнақтың астынан кір іздейсіз!: Руслан Өтепбай Назгүл мен Құндыздың арықтап кеткенін айтып, жағдайларын тексерді «Адам өлтіргендер де тойлатып жүр ғой»: «Қойшы бала» соңынан ерген сөз туралы айтып, жан сырын ақтарды «Адам өлтіргендер де тойлатып жүр ғой»: «Қойшы бала» соңынан ерген сөз туралы айтып, жан сырын ақтарды Семейде оқушылардың тепкісіне ұшыраған балаға халық 35 млн теңгенің үйін алып берді Семейде оқушылардың тепкісіне ұшыраған балаға халық 35 млн теңгенің үйін алып берді «95 млн теңге қарызға батқан». Сазгер Арман Дүйсенов ұлының өзіне қол жұмсағаны расталды «95 млн теңге қарызға батқан». Сазгер Арман Дүйсенов ұлының өзіне қол жұмсағаны расталды Шымкентте Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті Шымкентте Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шара өтті «Қазақстаннан жаппай жер сатып алайық». Қытайлық азамат желіде өз отандастарына ой тастады «Қазақстаннан жаппай жер сатып алайық». Қытайлық азамат желіде өз отандастарына ой тастады Оқушылардың ораза ұстауына қатысты белгілі ұстаз пікір білдірді Оқушылардың ораза ұстауына қатысты белгілі ұстаз пікір білдірді «Шошып кеттім»: Актер Рахман Омар Назарбаев әулетінде өткен тойды қалай жүргізгенін айтып берді «Шошып кеттім»: Актер Рахман Омар Назарбаев әулетінде өткен тойды қалай жүргізгенін айтып берді