Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Айналма жол құрылыстары қала басшылығының назарында

Шымкент қаласында соңғы жылдары жол құрылысы, көпірлер салу, айналма жол құрылыстары қарқынды жүрді. Соның бірі – тұрғындар көптен күткен Бәйдібек би даңғылыныдағы айналма жол.  Дәл қазір үшінші мегаполисте автокөлік ағыны көбейіп тұр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Айналма жол құрылыстары қала басшылығының назарында

Еліміз бойынша бұл мәселеде Шымкент қаласы көш бастап тұрғандықтан соңғы жылдары жол құрылысына басымдық берілген. Бұл жолайрық та  қалада кептелісті азайтып, көліктерге қолайлы жағдай жасайтын бірден-бір маңызды жоба болатын.  Жоспарға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде - Арғынбеков көшесі, жоғары деңгейде - Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде - оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады.

Бүгінде  жолайрық құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын ыңғайластыра отырып, көліктердің қозғалысына кептелісті азайту мақсатында жол кезең-кезеңімен пайдалануға беріліп жатыр. Бұдан алдын 15 мамыр күні  халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Арғынбеков көшесі ашылған болатын.
Бүгінде жоспарланған жол құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалған. Енді жолайрық құрылысын толық аяқтап, көліктің барлық бағыттағы қозғалысын қамтамасыз ету жыл соңына жоспарланып отыр.

Шымкент қаласының әкімі құрылыс басына барғанда жауаптыларға құрылыс барысында жолайрық айналасына жиналатын жауын-шашын суының деңгейіне қарай ирригациялық жүйелердің жүктемесі мен су өткізу қабілетін қадағалап, қолайсыздықтарды қазірден алдын алуды жүктеді.

Шымкент қаласы маңындағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – Оңтүстік айналма жолы салынуда. Айналма жолдың құрылысы Леңгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды. Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын айналма жол барлық транзиттік көліктерді қала сыртымен жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Жоба бойынша көшенің ені 9 метрді құрайды.

Бүгінде Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жолдың негізі дайындалған. Жол құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып отыр. Бұл жоба қаламыздың инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы қажетті жобаның бірі болып есептеледі. Құрылыс жыл соңына дейін бітуі тиіс.

Сонымен қатар, Адырбеков көшесінің қайта құру жұмыстарына кіретін  Мәделі Қожа мен Жібек жолы көшелері аралығында аяқжолдар, ирригациялық латок орнату, жер төсемін дайындау жұмыстары атқарылуда.

Жоба бойынша, жалпы ұзындығы 3,74 шақырымдық жол Алдияров көшесінен Т.Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тротуар, жарық шамдар көзделген. Бүгінде құрылыс жұмыстары 76 пайызға орындалып тұр. Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталып пайдалануға беру жоспарланған.

Үшінші мегаполисте жол қозғалысын реттеуге қатысты осындай ауқымды шаралар атқалуда.

 

Н. Назарбекова