Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүріп жатыр

Шымкент қаласындағы тұрғын үйлерге қатысты соңғы жылдары қолға алынып, қарқынды іске кіріскен жаңалықтың бірі - ескірген тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу  болып тұр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүріп жатыр
Фото: ашық дереккөз

Ағымдағы жылы, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында бүгінде 15 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі және Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі коммуналдық 21 көппәтерлі тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал биыл  қала аумағындағы авариялық, тозығы жеткен 6 тұрғын үйді тұрғындар келісімімен бұзып, қайтадан жаңа үй кешенін салу жоспарланған. Қазіргі таңда «Shymkent ӘКК» АҚ реновациялау жобаларына жеке инвесторлар тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.  Аудандық әкімдіктер тұрғынжай меншік иелерінің жеке инвестормен кездесулері ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстарын белсенді атқаруда.

Сонымен қатар биыл Шымкентте 9 көпқабатты тұрғын үйдегі 14 жеделсаты ауыстырылып, жаңа  жеделсатылар қайтарымды қаржы негізінде  орнатылмақ. Қазіргі таңда мұның қаржылық – экономикалық негіздеме қорытындысы күтілуде.  Аталған негіздемеге сәйкес, қаржы қаралған соң жеткізуші мердігер мекемемен келісім шарт түзіліп, орнатылу жұмыстары жүргізілмек. Жеткізуші мердігер мекемемен орнатылатын жедел сатылардың келісім шарт бойынша 3 жылдық кепілдік мерзімі қарастырылғанын

Одан бөлек, тұрғын үйге мұқтаж бірақ үй кезегіне  тұра алмайтын сала мамандарына "Qamqor"  бағдарламасы қамқор болып отыр.  Талай жанның баспаналы болуына зор мүмкіндік туғызып отырған бағдарлама бойынша  өтінімдер Отбасы банктің жылжымайтын мүлік порталында 15 тамыз - 25 қыркүйек аралығында қабылданған.

Аталған бағдарлама шымкенттік  талай маманның тұрғын үй мәселесін шешуге көмектескен. Осынау бағдарлама арқылы дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, жоғары оқу орны және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының  қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері мен мемлекеттік және бюджеттік  ұйымдардың қызметкерлері қатысыпты. Қарыздың орташа  сомасы 20 млн теңгені құрайтын несиенің алғашқы жарнасы  10 пайыз, жылдық мөлшерлеме-5 пайыз.

Үміткердің өзі тұратын баспанасын бастапқы нарықтан немесе қайталама нарықта да таңдап алуына мүмкіндігі бар.  "Qamqor" бағдарламасы аясында несиелеу үшін алғашқы транш 3 млрд теңгені құрайды. Аталған қаражат жергілікті атқарушы орган тарапынан бөлінеді. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінімдерді қабылдау және әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастыруда басты оператор Отбасы Банкі болып табылады.  Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеден өткізу барысында қатысушылардың  некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі, Шымкентте тіркелу ұзақтығы әсер етеді. Сондай-ақ  "Qamqor" бағдарламасына 63 жасқа дейінгі қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы, соңғы 3 жыл ішінде Шымкентте тұрақты тіркеудің болуы тиіс.

Н. Назарбекова