Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Мені депутаттықтан ешкім айыра алмайды" - Ермахан Ибраимов (ВИДЕО)

"...Сондықтан мен 5 жыл бойы халық не айтады, соны орындауға дайынмын", - дейді ол. 

"Мені депутаттықтан ешкім айыра алмайды" - Ермахан Ибраимов (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Танымал боксшы Ермахан Ибраимов депутаттық 5 жылында тек халықтың сөзін сөйлеуге дайын екендігін жеткізді. Бұл туралы ол ASSYLTAS TV ютуб арнасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлады paryz.kz.

"Адамда қандай проблема бар, бәрін ашық түрде айта алатын депутаттар келді. Сондықтан мен оған сенемін және өзім сондай бағытта жұмыс істеймін. Билікке сөз тиіп кетеді-ау демей, адал қызмет істеуге дайынмын. Қазір "Нұр Отан" партиясына тиіп кететін сөз айтып жіберсем, мені алып тастайды-ау деген ой жоқ. Бес жылға мені тағайындады. Бес жыл мені ешкім осы депутаттықтан айыра алмайды. Сондықтан мен 5 жыл бойы халық не айтады, соны орындауға дайынмын", - дейді Ермахан Ибраимов. 

Тағы оқи отырыңыз: Ермахан Ибраимовтан соққы алған әйел оның үстінен шағымданды (ВИДЕО)

Еске сала кетсек, ол биыл Алматы қаласы мәслихатының депутаты қызметіне тағайындалған болатын.