Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Семинар-тренинг этномедиацияны дамытуға арналған

Семинар-тренинг этномедиацияны дамытуға арналған

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының «Аймақтық дау-жанжалдарды шешу туралы»  бөлігінде  Мемлекет басшысы: «Барлық аймақтық даулар тек бейбіт жолмен, серіктестік рухында және сындарлы келіссөздер арқылы шешілуі тиіс деп санаймыз. Аумақтық мәселе ерекше нәзік екенін ескере отырып, халықаралық ұйымдар оларды реттеуге тиісті көзқарас көрсетуі тиіс. Бұл Гагадағы аралық соттың шешіміне де қатысты. Біздің ойымызша, кәсіби емес ойыншылар мұндай жағдайларға араласпауы керек», деп атап өтті.

Айта кетейік, Шымкент қаласына қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен этномедиацияны дамыту мәселесі тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр. «Достық үйі» ғимаратында үш күнге жалғасатын шеберлік-сабаққа Қазақстан халықтары Ассамблеясы қалалық филиалы жанындағы медиация кеңесінің жетекшілері, қоғамдық және кәсіби медиаторлар, шаһардағы 5 аудан әкімдігінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жалпы 50-ден астам адам қатысуда.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев іс-шараға қатысып, этномедиацияның маңыздылығына тоқталды. Басқарма басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып отырған этносаралық медиация аясындағы басқосу Шымкент қаласында екінші рет ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

- Қатысушылар семинар-тренингте этносаралық қақтығыстарды реттеу кезінде келіссөз жүргізуді үйреніп, дауды сотқа жеткізбей татуластырудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Қазіргі кезде Шымкент қаласында 4 медиация орталығы бар. Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ықпалдастық байланыстары орнатылған. Осы орталықтардың 9 медиаторы қалалық Ассамблея жанындағы медиация кеңесінің құрамына қосылды. Ассамблея медиаторларының тізіміне 15 кәсіби және қоғамдық медиаторлар еніп, этномедиация қызметін ілгерілетуге жұмыс атқаруда. Жалпы, дауласқан тараптарды сотқа дейін татуластыру өзекті мәселе екендігі белгілі, – деді Бахтияр Әлтайұлы.

Жыл басынан бері үшінші мегаполисте этнос өкілдерінің қатысуымен отбасылық, мұрагерлік, бұзақылық және қоғамдық тәртіпті бұзу секілді 16 жағдай орын алып, ҚХА жанындағы этномедиаторлардың көмегімен тараптар келісімге келген.

Осынау шеберлік-сабақта «Парасат» медиация және құқық орталығының кәсіби медиаторы Мұхтар Адаев, «Эуразиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің медиаторы Гүлжан Қожахмедова қатысушыларға дискуссия, практикалық талдау дәрістерін өтеді. Оның ішінде этносаралық қақтығыстың туындау себебі, шиеленісуге ықпал ететін факторлар, қақтығыстың анатомиясы, даму фазалары, көпшілік алдында сөйлеу, шешендік өнері шеңберіндегі тақырыптар қамтылған.

 

Н. Назарбекова