Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Шымкентте «Тұрғын үйді жаңғырту» жобасы қарқынды

Шымкент қаласында «Тұрғын үйді жаңғырту» жобасымен тозығы жеткен үйлер қайта қалпына келтіріліп  жатыр. Аталған бағдарламаға қатысушылар саны көбейген.  Бүгінгі таңда бұл бағдарламаға қатысуға ниетті  84 үйдің тұрғындары кезекте тұр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте «Тұрғын үйді жаңғырту» жобасы қарқынды

Айта кетейік, көппәтерлі тұрғын үйлерге  күрделі жөндеу жүргізудің негізгі тетігі жергілікті атқарушы органдары  2011 – 2015 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде бұрын жөнделген тұрғын емес үй-жайлар, пәтерлер меншік иелерінің қайтарымды қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғыда  Республикадағы облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының бюджеттеріне республикалық бюджеттен қосымша 7 жылға жылдық 0,1 %-бен бюджеттік кредиттер бөлінетін болады. Тұрғындар қайтарған сомаларды мамандандырылған уәкілетті ұйым басқа көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге пайдаланады.

Тұрғын үй қорын күрделі жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, қаражатты жинақтау жүйесінің неғұрлым оңтайлы жұмыс істеуі мен дамуына септігін тигізеді. Қазіргі таңда үшінші мегаполисте  16 көпқабаттан тұратын тұрғын үйдің  бюджеттік кредит есебінен тұрғынжай меншік иелерінің  күрделі жөндеу жұмыстары келісімімен қайтарымды негізде жүзеге асырылу жоспарланған. Бүгінде күрделі жөндеуден өтіп жатқан 11 көпқабатты тұрғын үй кешені бар. Жөндеу жұмысы  4 көппәтерлі тұрғын үй кешенінде жалғасып жатыр.

"Тұрғын үй Шымкент" ЖШС әкімшілік бөлімінің басшысы Қанат Серікбаев құрылысы біткен үйлердің ақшасы қайта жаңғыртуға салынтынын атап өтті.  «Бұл қаржы өсім пайызсыз, ешқандай талапсыз қайтарым қаржы болып есептеледі. Яғни биыл 15 үйді қарастырып отырсақ, келер 2024 жылы жергілікті және республикалық бюджеттен 84 үйдің жобасын ұсынуға дайындалып отырмыз. Айталық, осы жылы жаңғыртылатын 15 үйдің құрылысына  1 млрд.40 млн.теңге бөлініп отыр. Ал, кезекте тұрған қалған баспаналар кезең-кезеңімен жөндеуден өтеді. Осылайша, шаһардың сәнін бұзған ескі үйлер  2025 жылға дейін толығымен жаңартылады деп жоспарланған», - деп атап өтті ол.

Одан бөлек, жөндеуді қажет ететін 32 көпқабатты үй биыл қайта қалпына келтірілуде. 32 көпқабатты үйдің 11-не күрделі жөндеу жұмыстары жүрсе, 21-не  жеңіл әрлеу шаралары жасалды.

Қаратау және Абай ауданындағы көпқабатты үйлердің басым бөлігі ағымдағы жөндеуден өтті.  Олардың қатарында Абай ауданы 189 орамдағы 11 көпқабатты және Нұрсәт шағын ауданындағы 10 көқабаттан тұратын  үйлер бар. Жөндеу  барысында тозығы жеткен көпқабатты үйлердің шатыры жаңаланды.  Дәліздері әрленіп,  жертөледегі ескірген кәріз жүйелері қайта қалпына келтірілген.

 

Н. Назарбекова