"Өмір бойы мемлекетті, қоғамды, қарамағыңыздағыларды еміп келесіз. Олар да мезі болды сізден. Енді сол жинағаныңыздан ел бір пайда көрсін..." - дейді ол.
ФБ достар ! ФБ бетінде көптен көрінбеген соң дос-жора, шәкірттер кәдімгідей алаңдап хабарласатын болды. COVID бәрін...
Опубликовано Жамбылом Артыкбаевым Суббота, 23 января 2021 г.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев Facebook-тегі парақшасында зейнет жасына жетсе де, орынтақтан айырылмай, "жастармен жағаласып отырған" қарияларға үндеу жасады, деп хабарлады paryz.kz.
Ол биліктен кеткісі келмейтін замандастарын Бурабай жаққа көшіп келуге шақырып отыр.
"Сіздерге айтарым, әсіресе, пенсия жасындағылар, креслосын, одан түсетін пайдасын бергісі келмей, жастармен жағаласып жүргендер, пендешілікті қоямын десеңіз, Бурабайға-Шортанқалаға көшіп келіңіз. Өмір бойы мемлекетті, қоғамды, қарамағыңыздағыларды еміп келесіз. Олар да мезі болды сізден. Енді сол жинағаныңыздан ел бір пайда көрсін. Мына жерде мамандығыңыз бойынша бір бастама жасаңыз. Мен тарихшымын, қолымнан келгені музей болды. Сіз театрдың режиссеры шығарсыз, неге шағын ғана қазақ театрын ашпасқа?!" - дейді тарихшы.
Бұдан бөлек, автор ондағы этнос өкілдерінің тарихи Отандарына көшіп жатқанын жазып, үйлердің сатылымға қойылғанын, 300-ге жуық үйдің кезекте тұрғанын қоса кеткен.
"Өзге этнос өкілдері, әсіресе жағдай жасап алғандары Ресейдің батыс жағына, Еуропаға кетіп жатыр. Бір ғана Шучинскіде 300 үй сатылады. ОЛХ-тен қараңыз, 5 млн - 25 млн аралығында немесе өзіңіз салып аласыз. Ең бастысы, сіз түк істемесіңіз де солтүстік өңірге қазақи өң және тіл бересіз. Тіпті Бурабай-Шортанқала емес, одан әрі Қызылжар тартып кетсеңіз де болар еді. Ол жақтың табиғаты бұдан кем емес, жан-жағыңыз орман-тоғай, өзен-көл", - дейді Жамбыл Артықбаев.
Осы орайда, ол өзінің Шучинскіде музей ашып, оны дамытуды қолға алғанын жеткізген. Сонымен қатар, болашақта түркі-моңғол халықтарының сакралды этнографиясының музейін ашуды көздеп отыр.