Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда

Бүгінде Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауының алдын-алу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, айналым механизмі аясында кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз қаражаттар беру, делдалдық қызметті шектеу шаралары қолға алынған және қала аумағында азық-түлік жәрмеңкелерін тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы хабарлады. 

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда

Басқарманың деректеріне сүйенсек, тұрақтандыру қорынан бөлінген қаражаттың есебінен айналым механизмі аясында «Magnum» және «Gramad» секілді ірі сауда желілеріне 2,5 млрд. теңге қарызберілген. Сол арқылы аталған сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін келісімшартта көрсетілген баға бойынша арзандатып сатады. Сондай-ақ, халық тығыз орналасқан аймақтарда үй маңында орналасқан дүкендерге де осы механизммен 1 млрд. теңге бөлініпті. 

Сонымен қатар тұрақтандыру қорынан бөлінетін қаражаттың есебінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін өндіретін компанияларға да қарыз қаражаты беріледі. Басқарманың деректеріне сүйенсек, сиыр етін өндіруші «Каскасу-С», «Байтерек» және «Алтын төбе» шаруа қожалықтарына – 680 млн. теңге, көкөніс өсіретін жеке кәсіпкерлер Колесников және Сейдахметовке – 700 млн. теңге, тауық еті мен жұмыртқасын өндіретін «Шымкент құс» және «Қайнар құс» серіктестіктеріне – 370 млн. теңге берілген. Сондай-ақ, құмшекер, күнбағыс майы мен ұн өндіретін компаниялар мен наубайханаларға да айналым механизмі аясында қолдау көрсетілген. Соның есебінен аталған кәсіпкерлер өз өнімдерін арзандатылған бағамен нарыққа шығарады. 

Шымкент қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының деректері бойынша күнбағыс майы, құмшекер және қарақұмық жармасы бойынша жеткізуші қызметімен айналысатын кәсіпкерлермен 1,2 млрд. теңгенің келісімшарттар түзілген. Бағаны қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында жыл басынан бері арнайы  комиссияныі 80 отырысы өтіп, аптасына 2 реттен көпешлі жиналыстар ұйымдастырылып келеді. 

Айта кетейік, бұдан бөлек апта сайын қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылып жатыр.