Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Баланың қайда жүргенін анықтайтын "Тап мені" атты жүйе іске қосылмақ

Ол – Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша.

 

Баланың қайда жүргенін анықтайтын "Тап мені" атты жүйе іске қосылмақ
фото: дереккөз

Қазақстанда баланың қайда жүргенін анықтауға болатын "Тап мені" жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады, деп жазды paryz.kz.

"Биыл министрлік тарапынан жүзеге асырылатын ілкі жобаларға тоқталып өтсем, бұл - баланың жүрген жерін анықтауға мүмкіндік беретін "Тап мені" балалардың қауіпсіздік жүйесі. Ол – Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша. Қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады", - дейді ол.

Нұрділдә Ораздың айтуынша, баламен байланыс үзілген жағдайда ата-аналары қосымшадағы іздеу режимін қоса алады. Оны іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға келіп түседі.