Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Журналист елге тізесі батқан қиянатшыл тұлғаларға «қарғыс айту» акциясын ұйымдастыруды ұсынды

Танымал саясаткер, алты мәрте Парламент депутаты болған Серік Әбдірахманов «ADAL ADAM» youtube-арнасына берген сұхбатында елдегі сыбайлас жемқорлық пен заңсыздық туралы пікір білдірді. Сұхбат барысында журналист Дәурен Сейітжанұлы халықтың ақысын жеп, қарапайым азаматтардың ажалына себеп болған адамдарға «қарғыс айту» акциясын ұйымдастыруды ұсынды.

Журналист елге тізесі батқан қиянатшыл тұлғаларға «қарғыс айту» акциясын ұйымдастыруды ұсынды

«Қуандық Бишімбаев мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін 10 жылға қамалған болатын. Бір жылдан кейін бостандыққа шығып кетті. Осы жайттар біздің көзімізді мына нәрсеге жеткізді. Бір коррупционер қамалса, 10 коррупционер пайда болады. Сол коррупционер короновирустан да жаман. Ол түрмеден шығу үшін тағы 10 адамды коррупционер қылады. Яғни заң коррупционерлердің алдында қауқарсыз екеніне елдің көзі жетті. Бұл өзіңіз айтатын Назарбаевқа, оның әулетіне, ескі жүйенің ұрыларына қатысты. Олар халықтың ақысын жеді, қаншама адамның көз жасына, бейнетіне, ажалына себеп болды. Елге тізесі батқан осындай қиянатшыл тұлғаларға іштей ренжіп қана қоймай, публично қарғыс айту акциясын ұйымдастыруға болатын шығар, бәлкім. Қазақ дәстүрінде «теріс бата беру» ұғымы бар. Халықтың қолынан келетін ең ауыр жаза осы секілді» – деді журналист.

Тілшінің ұсыныс-сауалына Серік Әбдірахманов «қарғыс айтуды» мұғалімдерден бастау қажет деп жауап берген. Оның пікірінше, сайлау жүйесіндегі былыққа қосымша бюллетень толтырып, заңсыз әрекет жасаған мұғалімдер кінәлі.

«Қарғысты, теріс бата беруді бүгінгі мұғалімдердан бастау керек. Сайлау кезінде көйлегінің астына бюллетеньдерді тығып, елдің дауысын ұрлаған мұғалімдер. Олар ауыр қылмысқа барып отыр. Мұғалімдер тапсырма орындамаймыз десе, кім басын алар дейсің. Сондықтан теріс бата арқылы оларды емдеп шығуға болады, сайлау жүйесін жақсарту арқылы халық билікке келу қажет», – деді саясаткер.

Алайда экс-депутат сұхбат барысында Назарбаевқа теріс бата берген. Бейнежазбадан саясаткердің Назарбаев пен оның жақтастарын алаяқ деп айыптады.
«Назарбаевтың атын айтсам, түрін көрсем жүрегім айниды. Оның елге шығуға беті жоқ. Нағыз алаяқ. Сондықтан оған «қараң өшсін!», «аттары өшсін!» деп айтқым келеді. Ол халықты, билікті құлдықта ұстап тұр», – деді Серік Әбдірахманов.