Жайлаудағы өмірі жайлы контент түсіріп, желіде танымал болған Әсел Мамытбаева «Айналайын» бағдарламасында ауылдағы тұрмыс-тіршілігі туралы бар шындықты айтты. Әсел Мамытбаева түсірген ауыл, жайлау көірінстері 10 миллион қаралым жинаған.
- Мал шаруашылығымен айналысып, жайлауға шығып жүргенімізге төрт жыл болды. Видеоларды лайк үшін емес, қой баққанда ермек үшін түсіремін.
Сұхбат барысында ауыл тұрғыны ешқашан несие алмағанын айтты:
- Менің де, жолдасымның да басында ешқандай кредит жоқ. Ананы, мынаны әпер деп күйеуіме қолқа салғым келмейді. Маған ауылдық өмір қатты ұнайды, қалаға көшкім келмейді. Қалалықтарда мейірім аз, - деп бөлісті ол.